Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда параспорт дамып келеді

Мүгедектігі бар жандарды спортқа тарту мақсатында «Мүгедектер спорттық клубы» жанынан облыстың 7 ауданында бапкерлер мен спорт жөніндегі әдіскерлер жұмысқа қабылданды. Клуб спортшыларды үйлерінен оқу-жаттығу орындарына жеткізу үшін 6 арнайы автокөлікпен қамтамасыз етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

-Атыраулық спортшылардың жетістіктері жоғары. Париж Паралимпиадасына облыстан 16 спортшы қатысты. Оның ішінде паражеңіл атлетика мен паратеннистен ел тарихында алғаш рет жолдама жеңіп алынды. Сондай-ақ парадзюдодан екі спортшы қола медальға қол жеткізсе, параволейбол, паражеңіл атлетика, паратаеквондодан 5-орындарға ие болды, — деді облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов.

Қазір өңірде 20 мыңнан астам бала спортпен шұғылдануда. Олардың дайындықтары үшін 1400-ге жуық секция жұмыс істейді. Былтыр 158 жаңа секция ашылса, биыл тоғыз айда 98 секция іске қосылды.

Балалардың спорттық іс-шараларға қауіпсіз қатысуын қамтамасыз ету үшін 18 автобус бөлінді. Сонымен қатар спортшылардың ынтасын арттыру мақсатында жетістіктеріне байланысты ай сайынғы төлемақы тағайындау жүзеге асуда. Қазір 120-ға жуық спортшы осы қолдауға тізімде тұр.

Келер жылы өңірде 7 спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button