ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда өртенген үйдің қасындағы дүкен құтқарылды
Өрт сөндірушілер жақын маңдағы дүкенге өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.
20 ақпан күні сағат 12.40-та Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округінің Алтынсарин көшесінде үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен кезде, тұрғын үйдің 7×11 болатын кіреберіс бөлігімен асхана бөлмесі жанып жатқаны анықталды. Өрт кезіндегі жапсарлас салынған «Айнур» азық-түлік дүкеніне өрттің таралуына жол берілмей құтқарылды.
Өрт сағат 14.31-де оқшауланып, сағат 14.47-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Атырау облысы ТЖД ескертеді: Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»