
Жаңалықтар
Атырауда өрт сөндірушілер жабайы қабанның төлін құтқарып қалды
Кеше облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қамыс өртін сөндіру кезінде жабайы жануардың өмірін аман алып қалған. Бұл туралы республика Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында өрт сөндірушілер қалың өскін арасынан әлсіз дыбысты естіген. Қырағылық танытқан құтқарушылар түтін мен жалын ортасында адасып, табынынан көз жазып қалған жабайы қабанның төлін байқайды. Әлсіреген, бағытынан жаңылған жануар қауіпті жерде қалып қойған.
Уақытты жоғалтпай, құтқарушылар төлді қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарылған жануар резерват қызметкерлеріне табысталды.