Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда орман жəне дала өрттерінің алдын алу бойынша мобильдік топтар құрылды

Аtr.kz/19 сәуір, 2019 жыл. Орман жəне дала өрттерінің алдын алу бойынша мобильдік топтар құрылды.

Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Рашид Блялов мəлімдеді.

Биыл жергілікті атқарушы органдар жəне орман шаруашылықтары 479 шақырым минералды жолақ салу жоспарланып, оның бүгінгі таңда 141 шақырымы жүргізілген. Сондай-ақ, дала өрттерін сөндіру үшін ауылдық округтерде 81 ерікті өрт сөндірушілер жасақтары құрылды.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Асхат Ержанов соңғы екі күндегі табиғаттың тосын мінезі келтірген зардаптарды жою шараларына тоқталды.

«Облыс аумағындағы ахуалды тəулік бойы бақылауда ұстайтын штаб құрылды. Бұл күндері тұрғындардан ауласының суға толып кеткенін хабарлаған 13 қоңырау түсті» деді спикер.

Бүгінгі күні қалада 5000 текше метрдей су сорылды. Аталған жұмыс жергілікті коммуналдық қызмет мекемелімен əлі де жалғасуда.

Сəуірдің 17-де басталған нөсерлі жаңбыр келесі күні толастады. Артынша ауа температурасы төмендеп, қалың қарға ұласты. Бұл күні мектеп пен балабақша да жұмысын тоқтатып, «Атырау» əуежайында ұшақтардың  рейстеріне шектеу қойылды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button