ЖаңалықтарБілім
Атырауда оқушыларға кәсіби бағдар беруге арналған жаңа жоба басталды (+ВИДЕО)
Атырауда жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге арналған жаңа жоба іске асты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мектептердің 10-11 сынып білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу туралы ҚР Оқу ағарту министрінің 478 бұйрығы негізінде “Мектеп-Колледж” пилоттық жобасы жасақталды.
Аталған жобаға Атырау сервис колледжі “Аспазшы” мамандығымен, Атырау көлік және коммуникация колледжі “Автомобиль жөндеу слесарі” мамандығы бойынша қатысып, қазіргі күнде осы колледждерде пилоттық жоба аясында 30 студент білім алуда.