Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

АТЫРАУДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ Х СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен Атырау облыстық мәслихатының кезекті Х сесс.иясы өтті.

Сессия барысында облыстық мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының басшысы Ерлан Қабиденов өткен жылы құрылыс саласындағы тексерудің  қорытындысын баяндады.

«2021 жылы еліміздің Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, басқарманың мемлекеттік құрылыс инспекторлары тұрғындар тарапынан түскен шағымдар бойынша 33 нысанды жоспардан тыс тексеріп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Арасында қылмыстық іс қозғалғандары да бар екен. Кемшіліктерді түзету үшін 14 нұсқама берілді. Сондай-ақ, прокуратура мен басқа да қадағалау органдарының ұсынымдарымен 8 жол құрылысы тексерілді. Ал, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі 100-ге жуық хаттаманың 36-сы тапсырыс берушілерге қатысты. Бұл ретте, 57 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды» деді ол.
 
Сондай-ақ басқарма бақылау жұмыстарының сыртында экпертиза, жобалау жұмыстарына да қатысуы керек деген пікірлер айтылды.

Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаттары нысандарды бос тұрған жерге сала бермей, арақашықтық сақтау қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, депутаттар Атырау қаласы Атырау ауылдық округінің Атырау ауылын «Қызыл балық» деп атау туралы ұсынысты қолдап, тиісті шешім қабылданды.

Сессияда бұдан да басқа мәселелер қаралып, өңірдің дамуына үлес қосқаны үшін Атырау облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаевқа «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Осыдан кейін аймақ басшысы облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевке зейнет жасына шығуына байланысты Алғыс хат табыстады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Сурет: Расул СЕРІКОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button