
Жаңалықтар
Атырауда облыс әкімінің грантына екі күнде 180 үміткер құжат тапсырды
Атырауда облыс әкімінің грантына құжат қабылдау жүріп жатыр. 14 тамызда басталған грантқа құжат тапсыру мүмкіндігін 1, 2, 3 курс студенттері де пайдалана алады.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты.
«Қазіргі уақытта түрлі мамандықтарға облыс әкімінің 295 гранты қарастырылып отыр.Осылайша,ағылшын тіліне — 31, дене тәрбиесіне — 43, ландшафт — 4, театр — 4, психология — 19, медицина — 72, экология — 4, теология — 2, жылу энергетикасы саласына -1 үміткер құжат тапсырды», — деп жазды облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев телеграм парақшасында.
Айта кетейік, құжат қабылдау 18 тамызға дейін жалғасады. Гранттарға құжаттарды Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне тапсыра аласыздар.