Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 1500-ден астам адам пәтерлі болады

Atr/kz, 2 қазан. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасында» «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» туралы айтылған.

Алайда осы тапсырманы желеулеткен кейбір екінші деңгейлі банктер баспананың бастапқы жарна  мөлшерін 30, тіпті  50 пайызға жеткізіп отыр. Ал, жеңілдетілген бағдарлама бойынша алғашқы жарна 20 пайыздан аспауы тиіс.

Атырауда мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру басталғаннан бері бірқатар жұмыстар қарқынды атқарылуда. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Өз үйім» бағдарламаларына кімдер қатыса алады, оларға қандай талаптар қойылған және қанша пайыз бастапқы жарна жинау қажет? Осы сұрақтардың жауабы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұйымдастырған «ZhilstroyRiverParty» шарасында айтылды.

Қазір  облыстың әрбір  оныншы тұрғыны банк филиалы арқылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысады. Филиалдың құрылыс компаниялармен және Атырау облысы әкімдігімен бірлескен жобалары шеңберінде тұрғын үй көлемі жалпы ауданы 116 148 шаршы метрді құрайтын 2001 пәтер және жалпы ауданы 8212 шаршы метр  болатын 80 үйді құрайды.

Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша банк Атырау облысы әкімдігімен  жалпы ауданы 57 342 шаршы метр 1080 пәтерлік 24 тұрғын үй құрылысы үшін меморандум жасақтаған.  Қазір Талқайраң елдімекенінде үйлер салынуда.

«Atr — Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button