Атырауда нөсер жаңбыр жауып, қатты дауыл соғады

1 24 Жаңалықтар

Аtr.kz/18 мамыр, 2020 жыл. «18-22 мамыр аралығында Атырау облысында қатты дауыл соғып, нөсер жауын жауады деп күтілуде» деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі «Казгидрометке» сілтеме жасап.

«Казгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша, нөсер соңы бұршақты жауынға, қатты желге ұласуы мүмкін.


Осыған орай, облыс тұрғындарына аса қажеттіліксіз далаға шықпауды, балаларды үйден шығармауды, автокөліктерді жабық объектілер астына сақтауды, үй жануарлары қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құрылыс объектілеріндегі жұмыстарды, соның ішінде арнайы техникалардың (биік кран) жұмыстарын уақытша тоқтатуды ұсынамыз.


Сонымен бірге азаматтарға жеңіл қайықпен ашық су айдынына шықпау ұсынылып отыр.


Төтенше оқиғалар орын алған жағдайда, Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне шұғыл хабарласу сұралады.


Шұғыл қоңыраулар үшін:

112
8(7122) 45 – 00 – 00

http://atr.kz/bez-rubriki/pandemiяmen-kureske-algashqylardyn-biri-bolyp-zhumyldyrylgan-atyraulyq-policej-suhbat-berdi-video/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз