Жаңалықтар

Атырауда нәзік жандылар қыштан бұйым жасау өнерін үйренуде

«Мен кәсіпкер» жобасы аясында Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған қыштан қолөнер жасау бойынша курстар «Urpaq» оқу орталығының базасында өтуде. Оқыту ұйымы «Ақ сәуле» ЖК, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оқытуға облыстың қалалары мен аудандарынан түрлі жастағы 16 қыз-келіншек қатысуда. Мақсатты аудитория – қазіргі кәсіпкерлер, өз ісін енді ғана бастауды жоспарлап отырғандар, сондай-ақ көп балалы аналар. Курстың ұзақтығы 32 сағат, оның негізгі бөлігі практикалық сабақтар.

-Оқыту барысында қатысушылар жаңа дағдыларды меңгереді немесе өз шеберліктерін арттырады. Өйткені олардың арасында қыш жасаумен айналысатындар да бар. Атап айтқанда, сабақ барысында олар балшықпен жұмыс түрлері мен ерекшеліктерімен, бұйымдарды кептіру және күйдіру әдістерімен, қалыптау құралдарымен және безендіру материалдарымен таныстырылуда. Мұнда қолмен мүсіндеу ғана емес, сонымен қатар керамикалық дөңгелекте жұмыс істеу әдістері де ұсынылып отыр. Ең бастысы – олар өндірісті ұйымдастыруға және бизнес-процестерді жүргізуге үйретіледі. Осылайша курстар аяқталғаннан кейін олар өз істерін аша алады немесе кеңейуге мүмкіндіктері бар. Біз оқыту ұйымын мұқият таңдап алдық, сондықтан курс тыңдаушылары жақсы білім алатынына сенімдіміз, – деді Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Гүлнафис Жармуханбетова.

Курстардың артықшылығы – олар ақысыз негізде өтіп жатыр. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар тиісті сертификаттар алады.

Жалпы, «Мен кәсіпкер» жобасының «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» үшінші бағыты аясында қыз-келіншектер стартаптарды ынталандыру, жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу үшін бірқатар қызметтер ала алады.

Сонымен қатар, орталық қолдау шараларының түрлеріне, соның ішінде оқытуға деген қажеттілікті зерттейді, дай-ақ әйелдер бизнесінің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтайды.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button