1 3

Атырауда нан мен ұн бағасын тұрақтандыру үшін келісім жасалды

Жаңалықтар
9 / 100

«Қол қойылған меморандумға сәйкес, облыс бойынша ұн тарту операторы болып танылған компания биыл 16 000 тонна бидай өнімін жеңілдетілген бағамен алады»,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау өңірінде нан бағасын тұрақтандыру үшін Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен «Карат» ЖШС директоры Олжас Сисекенов екі жақты меморандумға қол қойды. Сол арқылы «Даулет Нан» сауда желілеріндегі 1 сұрыпты нан және ұн бағасы тұрақтандырылады. Сонымен қатар, Атырау қаласындағы өзге де наубайханаларға Желаев нан өнімдері комбинатынан қолжетімді бағамен ұн сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

img 20210405 wa0024

Құжатқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы және Атырау облысы әкімдігі арасында жасалған келісім-шарт негізінде қол қойылған. Осы үш жақты меморандум аясында облыс бойынша ұн тарту мекемесі «Карат» ЖШС оператор болып танылған. Осы құжатқа сай, биыл 16000 тонна бидай өнімі осы кәсіпорынға жеңілдетілген бағамен алынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған