Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда мыңнан аса дәрігер коронавируспен күресуде

Аtr.kz/18 маусым, 2020 жыл. Пандемиямен күрес кезінде өңірдегі  62 медицина қызметкері қауіпті індет жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Бұл туралы онлайн брифингте  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаева мәлімдеді. 

— Дәрігерлерде коронавирус инфекциясын жұқтыру  қаупі басым.  Өйткені, COVID-19 індетімен күресте  дәрігерлер, медбикелер, кіші буын мед. қызметкерлері, санитарлар, инфекционист мамандар  алдыңғы шепте жұмыс істеуде.  Көпшілігі бірнеше айдан бері жақындарын  көрмеген, бұл моральдық тұрғыдан алғанда өте  қиын.  

Біз медицина қызметкерлерінің осындай еңбектері мен  кәсіптеріне адалдықтары үшін алғыс білдіреміз.  Қазіргі уақытта  оларға  тәулігіне 6 сағат жұмыс істеу үшін ауысымдық жұмыс әдісі ұйымдастырылған.     Сонымен қатар, жақсы демалулары  үшін барлық жағдай қарастырылған,  — деді Гүлнафис Танбаева. 

Айта кетейік, бүгінде  өңірдегі 62 медицина қызметкерінен COVID-19 анықталды, олардың 17-сі инфекциялық стационарда.   Қауіпті індетке шалдыққандармен байланысушы тұлғалар  апта сайын вирусқа тест тапсырады. Олардың  күнделікті дене қызулары өлшеніп, тексеріледі.  ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда, жедел түрде анализ алынады. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button