Атырауда мұз үстімен жүрген көліктердің жүргізушілері ұсталды
Атырауда Жайық өзенінде қатқан мұз үстінде көлігімен жүрген төрт жүргізуші ұсталды.
Атырау қалалық Полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамера инспекторлары қауіпсіздік шараларының сақталуын да қадағалап отырады. Мақсат –Жайық өзенінің үстінде болуы мүмкін оқыс оқиғаның алдын алу.
«Жыл басынан бері Жайық өзеніндегі мұз үстімен автокөлікті жүргізген 4 жүргізуші анықталды. Сондай жүргізушінің бірі 10 қаңтарда сағат 15:40 шамасында Жұмыскер елді мекеніндегі көпірдің тұсында ұсталды. 36 жастағы жүргізуші «Лада Гранта» маркалы автокөлігімен мұз үстімен жүрген», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Патрульдік полиция қызметкерлері 4 жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық бұзу туралы Кодексінің 620-бабымен (жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырып, ескерту берді.
«ҚазАқпарат»