Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда мұз астына түсіп кеткен балықшы табылмай жатыр

Атырау облысы құтқарушылар 7 күн бойы мұз ойылып, мұз астына түсіп кеткен балықшының денесін іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні Атырау қаласы, Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде мұз ойылып, 2 адам мұз астына түсіп кеткен болатын. Сол мезетте біреуі құтқарылып, облыстық ауруханаға жеткізілген болатын.

«5 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері жалпы 36 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, жалпы ауданы 500 шаршы метрден астам, тереңдігі 4-8 м көлемінде су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Су астынан бөгде заттардың көп кездесуі, судың лай болуына байланысты көріну деңгейінің төмен болуы сүңуірлерге қиындық тудыруда», — деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Су асты іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының 7 құтқарушысы, 1 бірлік техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button