Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда мұнай өнімдерін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

Атырауда Мемлекеттік кірістер органдары акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымының жолын кесті.

Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың 1 тоқсанында іс-шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 1 087 005 теңгеге 2223 бөтелке заңсыз алкоголь өнімдері анықталды. Сондай-ақ, мұнай өнімдерін заңсыз өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар анықталды, жалпы сомасы 4,8 млн теңгеге 28,3 тонна дизельдік отыны тәркіленді.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімі негізінде 2223 бөтелке тәркіленіп, 28,3 тонна ТД тәркіленді.   

Материалдар қарау үшін Атырау қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Болашақта көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдер заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шаралар жалғастырылатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button