
Атырауда мұнай атасы атанған Сафи Өтебаевқа ескерткіш ашылды
Atr.kz/2 қыркүйек, 2019 жыл. Атырау қаласында қазақ мұнайының атасы атанған Сафи Өтебаевқа арнап ескерткіш ашылды, — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып отырған ескерткіш Атырау мұнай жəне газ университетінің ауласында орналасқан. Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы əкімінің орынбасары Айбек Қрамбаев бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.
— Біз қазақ мұнай-газ саласының негізін қалаушы — Сафи Өтебаевқа үлкен құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. С.Өтебаев мұнай кендерін алғашқы ашушылармен бірлесе отырып, еліміздің мұнай-газ кешенінің негізін қалады. Мұнай саласында аянбай тер төккен ағамыздың еңбегін еш уақытта ұмытылмайды,- деді Айбек Қрамбаев.
Шараға мұнай саласында еңбек еткен ардагерлер, университет профессорлары мен ұстаздар, Сафи Өтебаетың қызы мен баласы, сондай-ақ, студенттер қатысты.
Айта кетейік, биыл ақпанда Атырау мұнай жəне газ университетіне майталман мұнайшының есімі берілген болатын.











