Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

invalid Жаңалықтар

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Енді олар өздеріне қажетті құралдар мен қызметтерді тікелей онлайн режимде алмақ.

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындар алдында есеп беру жиналысында атап айтты.

Ал, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін қарастыру мақсатында өңір басшысының кеңесшісі тағайындалатын болды. Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың негізгі тетіктеріне өзгеріс енгізілді. Осыған орай, мұқтаж отбасыларына бюджеттен қаражат қаралып, үш мыңнан астам балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет бөлінді.

– Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына жағдай жасау, қолайлы орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты ұстанымымыз болуы қажет, – деп нақтылады аймақ басшысы.

Жалпы, елімізде шілде айынан бастап жеке көмекшілердің қызметі Әлеуметтік қызметтер порталына ауысатындығы айтылған болатын. Яғни, мүгедектігі бар адам мен жеке көмекшінің арасында келісім-шарт жасалады.

http://atr.kz/bez-rubriki/mahambet-audanynda%D2%93y-meken-chiken-zhobasyny%D2%A3-%D2%9Bashan-aya%D2%9Btalatyny-belgili-boldy/

Ерекше қажеттіліктері бар адамның жақын туыстары да жеке көмекші бола алады. Сонымен қатар, барлық аймақта көмекшілердің қызметіне сағатына ақы төлеудің бірыңғай мөлшері белгіленбек.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Хамидолладан білгеніміздей, күні бүгінде әлеуметтік қызметтер порталына барлық аудан, қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандардың тізімі базаға енгізіліп жатыр.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз