Атырауда мердігер мекеме жастар саябағындағы ойықтарға түсінік берді

whatsapp image 2020 10 26 at 18.50.351 Жаңалықтар

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласында жуырда пайдалануға берілген Жастар саябағындағы асфальттің бүлінуі бойынша мердігер мекеме нақты шараларды қолға алуда.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Жантақ шөбі асфальт жабынын бірнеше жерден тесіп шыққан. Осыған байланысты мердігер компания мамандары өскен шөпті кесіп, арам шөпке қарсы дәріні құйып, бүлінген жол қайта асфальтпен жабылды.

«Бұл уақытша бақылау шарасы болып табылады. Алдағы уақытта штаттан тыс жағдай қайталанатын болса, жобалаушы мекеменің ұсынысы негізінде нақты шаралар алынатын болады» деп түсінік берді мердігер компания.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз