img 20210604 wa0087

Атырауда мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Жаңалықтар
8 / 100

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара өңірдегі тутұғыр жанында аталып өтті. Салтанатты шарада Бақытгүл Хаменова облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың құттықтауын жеткізді.

  • Еліміздің басты рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн Тәуелсіз елімізде тұратын халықтың бірлігін, еркіндігін, тарихы мен құндылықтарын бейнелейді. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген Ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Іс- шара соңында Ту тұғыр алаңында патриоттық әндер шырқалып, мереке Жайық өзені бойындағы Ту көтерген кемелер шеруіне жалғасты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған