Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырауда мемлекеттік қызметті электронды түрде алушылар саны артуда

Аtr.kz/31 мамыр, 2019 жыл.  Биыл Атырауда мемлекеттік қызметтердің 78 пайызы электронды түрде көрсетілген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Данияр Алтыбайұлы хабарлады.

«Бұл І-тоқсан бойынша ақпарат. Өткен жылы осындай кезеңде мемлекеттік қызметтердің 59 пайызы электронды түрде көрсетілген еді. Яғни, бұл жерде айтарлықтай өсім бар. Салаға енген осындай жаңалықтар сыбайлас жемқорлық факторларын азайтады. Себебі, электронды алаң қызмет алушылар мен қызмет берушілердің арасындағы тікелей байланысты үзеді. Әрі бұл формат — кезек күтпей, уақыт үнемдеудің ең тиімді жолы» деді спикер.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында мемлекеттік қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеген болатын.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button