Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда мектеп бітірушілер кешінің қашан өтетіні белгілі болды

        Аtr.kz/21 мамыр, 2020 жыл.    Мектеп бітірушілер үшін аттестат тапсыру мен соңғы қоңырау салтанаты 3-4 маусымда өтеді.

«Мектеп ауласында өтетін кешке түлектер мен ата-анасы ғана қатыса алады. Бастысы, барлық санитарлық талап  сақталуы тиіс.

Және кешке байланысты қаражат жинауға, мектепке, мұғалімдерге сыйлық жасауға қатаң тыйым салынады» деп хабарлады Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

Еске сала кетелік, бұған дейін Білім және ғылым министрі 25 мамырда барлық мектепте соңғы қоңырау шарасы онлайн түрде өтетінін хабарлаған еді. Оны әр сынып жетекшісі өзі ұйымдастырады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button