Атырауда медицина қызметкерлері күні аталып өтті

353027005 736477638485796 96898542055980743 n Жаңалықтар

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында медицина қызметкерлерінің мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Ол медицина қызметкерлерінің кәсібін бейнелейтін сахналық қойылымнан басталды.

354061104 736477621819131 62701021803439678 n

– Өңірімізде медицина саласында атқарылып жатқан істер аз емес. Әлі де болса орындалуы керек жұмыстар да көп. Медициналық инфрақұрылымдарды дамытуымыз қажет. Ауылдық жерлердегі медицинаны жақсарту бағытында да бірқатар жоспарымыз бар. Алдағы уақытта 30-дан астам нысанның құрылысын жүргізіп, тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеміз. Тозығы жеткен нысандарды жаңарту бағытындағы жұмыстар басталып кетті. Өңірімізге келген медицина саласының қызметкерлеріне көрсетілетін біржолғы көмектің көлемі ұлғайтылады. Атап айтсақ, қалаға жұмыс істеуге келген қызметкерге 3 млн. теңге, ауылдық жерлерге жұмыс істейтіндерге 5 млн. теңге көлемінде қаражат беріледі. Олардың баспаналы болуына да жұмыстанамыз, – деді ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтаған облыс әкімі Серік Шәпкенов.

355303314 736477628485797 3667705826401264767 n

Жиында аймақ басшысы бірқатар медицина қызметкеріне түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады. Сондай-ақ «Салауатты өмір салты–жарқын болашақ» атты жыл сайынғы медицина қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиадада 30-ға жуық медициналық мекеме, 600-ге тарта медицина қызметкері арасынан жеңімпаз атанған Құрманғазы аудандық ауруханасының ұжымына бірінші дәрежелі диплом, ауыспалы кубок және 200 мың теңгелік сертификат табыс етті.

Шара соңы медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған концертке ұласты.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз