Атырауда маса улау жұмыстары жүргізілуде
Өңірде маса улау жұмыстары басталды. Тиісті жұмыстар ең алдымен көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен кіреберістеріне жүргізілуде. Қазіргі уақытта улау жұмыстарына 3 бригада және 10 техника жұмылдырылған.
Конкурс нәтижесі бойынша аталған жұмысты «AG Disinfection» мердігер мекемесі атқарады. Жалпы, маса улау үшін 23 маман және 45 техника жұмылдырылмақ. Мекеме қызметін қалалық әкімдік бақылауда ұстайтын болады.
Компания өкілдерінің айтуынша, кестеге сәйкес, қаладағы тұрғын үй аулалары мен жертөлелері, жасыл желектер,саябақтарға дәрілеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, ағымдағы жылға дейін бір мекеме қала маңындағы елідемекен аумағын толығымен қамтыса, биылғы жылдан бастап әр ауылдық округ маса улау жұмыстарымен өздері тікелей айналысатын болады.