Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда маса улау жұмыстары басталды

Атырауда маса улаудың бірінші кезеңі 1 сәуірден басталады. Ең алдымен көп қабатты тұрғын үйлердің жер төлелері мен кіреберістеріне дәрілеу жұмыстары жүргізілмек.

Бұл туралы шаһар әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Масалармен күресті оның судағы қуыршақ немесе дернәсілді (личинка) залалсыздандыру мақсатында, қала маңындағы Тухлая балка, канал бойлары және жаңбыр суынан жинақталған лас су-тоғандардың барлығы толықтай уланады.

Сондай-ақ, кестеге сәйкес, қала және қалаға қарасты елді-мекендер, қала көшелері, жасыл желектер,саябақтарға дәрілеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта Огородная және 1.2.2а. 3.4.4а. 5.5а. 36.36а.37.37а. 50.50а. 52.53 және Баймұханов көшесі бойларындағы 47.47а үйлерінің жертөлелеріне масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар атқарылуда.

Айта кетейік, аталған жұмысты «AG Disinfection services» ЖШС мердігер мекемесі атқарады. Мердігер мекеменің жұмысын Атырау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі бақылауда ұстайтын болады.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button