Атырауда мас жүргізуші жасөспірімдерді қағып, қашып кеткен
Оқиға 5 маусым күні Исатай ауданы Жанбай ауылында болған.
«Жанбай ауылы Сәкен Сейфуллин көшесі бойында маркасы Ваз 2114 автокөлігінің 3 жасөспірімді қағып, белгісіз бағытқа қашып кеткені туралы «102» арнасына хабарлама берген. Хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы мен Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының кызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аталған оқиға бойынша «Тосқауыл» арнайы жоспары іске қосылып, іздестіру шаралары нәтижесінде 30 жастағы автокөлік иесі анықталып, кінәсін толық мойындады», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соққы салдарынан 9,10 жастағы жасөспірімдер аудандық ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен қаралды.
Тексеру барысында 1993 жылғы көлік жүргізушісінің жеңіл дәрежедегі масаң күйде екені анықталды. Қазіргі уақытта сот медициналық сараптама тағайындалды.
фото: sn.kz