Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда малдарға жарыққайтарғыш баулар тағылуда

Соңғы кездері далалықтағы күре жол  бойына үй жануарларының шығып кету жайы жиілеп кетті. Кей жағдайда осының салдарынан жол көлік оқиғасының орын алып жататын кездері де болатыны жасырын емес. Жуырда осындай келеңсіздіктің алдын-алу мақсатында, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз  етуге бағытталған игі  шаралар жүргізіле бастады. Жаңадан қолға алынған осындай әрекеттердің бірі – жол жиегіне жайылатын төрт түліктің мойынына жарық шағылыстырғыш таспа байлау және мал терісіне сәуле қайтарғыш бояу шашу. 

Қазіргі күні қолданысқа енгізіле бастаған бұл сақтық құрылғыларын күрме жол жиегіндегі елді-мекен тұрғындарына таныстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда, жарыққайтарғыш баулар мен жарықшағылыстырғыш қасиеті бар бояулардың пайдасын түсіндіретін арнайы бірлескен жұмыс топ та құрылды. Оның құрамына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалы, «NCOC» ЖШС, облыстық полиция департаментінің  өкілдері  кірді. Жыл басталғалы бері осы жасақ  Индер, Махамбет, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарында болып, жол жиегіне жақын орын тепкен ауылдармен қатар,  шаруа қожалықтар мен жеке қыстақтарға түсіндіру жұмыстарын  жасады. 

– Біздің ойымызша аталмыш қондырғыларды жайылымға шығатын малдарға жаппай қолданатын болсақ, жол бойындағы орын алатын қайғылы оқиғалардың алдын алуға болатын тәрізді. Бүгінде ауылдарға барып тұрғындарға барымызша түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Құрылғылардың бір бөлігін түлік иелеріне сыйлық ретінде таратудамыз. Шаруагерлердің көпшілігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған игі істің жеміс беретініне сенімді. Бірқатары таяда өз қаражаттарына бірнеше данасын сатып алуға даяр еккендіктерін айтуда, — деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалының  директоры Жаңабай Башаров. 

  Айта кетейік, 2019 жылы облыс аумағында үй жануарларының жолға шығып кетуі себебінен 5 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 4 адам қаза тауып, 5 адам түрлі дене жарақатын алған. Ал, өткен жылы осындай екі жол көлік оқиғасы тіркеліп, осының салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button