Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 900-ден аса шетел азаматтары анықталды
Атырау облысы аумағында ақпан айының 20-28 аралығында республикалық «Мигрант» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілді.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 900-нен астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3,4,5,6,7 бөлімдерімен 583 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 372 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша 31 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Одан басқа, құқықбұзған 31 шетелдік азаматтық іс жүргізу және әкімшілік тәртібімен ҚР аумағынан шығарылып, жеке басын анықтайтын құжаттардың болмауына байланысты 91 Өзбекстан Республикасының азаматы қабылдау-тарату орнына орналастырылды.