Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 2300-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды

Атырауда 16-20 қаңтар және 20-28 ақпан аралығында республикалық «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шаралар өтті.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста 12 786 шетелдіктер уақытша тұруға рұқсат алса, оның ішінде 2514 алыс шетелдерден және 10272 ТМД елдерінен келгендер. Сондай — ақ, көші — қон заңдылықтарын бұзғаны үшін 2227 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 54 шетелдік еліміздің аумағынан тысқары шығарылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылықтарын бұзған азаматтарға 6 млн. 437 мың 331 теңге айыппұл салынып, толықтай өндірілді.

Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мақсатында қоныстану ықтиярхат куәлігін және азаматтығы жоқ тұлғаның төлқұжатын дайындау үшін 189 формулярлары рәсімделді. Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен 110 тұлға қабылданып, қабылдауға өтініш білдірген 17 тұлғаға арналған 15 іс-құжат Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жолданды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button