Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден шығарылды
Атырау облысы аумағында 19-25 республикалық «Заңсыз келуші-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс-шараның 2 күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 231 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оның ішінде:
— ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін ҚР кетпеуінен көрінген, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған» — 116 тұлға;
— ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша «Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған» — 42 тұлға;
— 517 бабы 5-бөлігімен «Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы, анықтаманы не рұқсаттарды алмастан ҚР еңбек қызметін жүзеге асыруы» — 56 тұлға;
— 517 бабы 6-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін ҚР кетпей, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған» — 10 тұлға;
— 517 бабы 7-бөлігі бойынша ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын қайталап бұзған 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 95 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша 8 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін 11 шетелдік елден шығарылып, ҚР ҚК 392-бабы бойынша 2 тұлғаға қылмыстық іс қозғалды.