Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтар

Атырауда коронавирустан көз жұмған медицина қызметкерлерінің отбасына өтемақы төлеу басталды (+ВИДЕО)

Atr.kz/20 тамыз, 2020 жыл. Атырауда короновирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасына және індетті жұқтырған денсаулық саласы мамандарына өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

https://youtu.be/Sw7Uxslt3JI
  • «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Екі рет комиссия отырысы өткізіліп, қорытындысында, короновирус инфекциясы мен вирустық пневмония жұқтырған 650 медицина қызметкері анықталды. Ал  коронавирусқа қарсы күрес барысында 13 медицина қызметкері көз жұмған.
  • Қазіргі уақытта 486 сала маманының құжаттары тексерістен өтті. Әзірге қайтыс болған екі медицина қызметкерінің құжаттары қаралып, комиссия шешімімен нақтыланды. Қалған қызметкерлердің құжаттары комиссияның келесі отырысында қаралады, — деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айта кетелік, жұмыс кезінде ауру жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді. Ал, пандемиямен күрес кезінде қаза тапқан медицина мамандарының отбасына 10 миллион теңге беріледі. Қаражат республикалық бюджеттен төленеді.

Короновирус індетімен күресте қызмет етіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемақы мен өтемақыны төлеу комиссиясы тұрақты жұмыс істейді. Алдағы уақытта да, жұмыс барысында ауру жұқтырған мамандар тіркелген жағдайда, комиссия кеңесінде талқыланып, тіркелетін болады.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button