Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда коронавирустан айыққандар саны 15 адамға жетті

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. Бүгін инфекциялық стационардан  үш адам шығарылды.

«Оның екеуі 20 жастағы жігіттер», деп хабарлайды  Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штабы.


Дертінен айыққандар арасында  1971 жылғы әйел мен  1983, 2000 жылғы екі жігіт бар.
— Емделіп шыққандардың барлығы өзін жақсы сезінеді, — дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Осылайша, Атырауда қауіпті індеттен айыққандардың саны 15-ке жетті.

Еске сала кетелік, Қазақстан бойынша 1362 науқас коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр.

273 адам қазақстандық бүгінде толықтай жазылып, үйлеріне қайтарылды. Оның ішінде 15 атыраулық та бар.

Өкінішке орай, 17 адам жұқпалы індеттің құрбанына айналды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button