Жарнама
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...

Атырауда коронавируспен ауырған соңғы науқас емделіп шықты

Атырауда модульді жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19 вирусын жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

70 жастағы Сәуле Жолдыбаева ауруханаға 2022 жылдың 16 наурыз күні өкпесінің 40%-ы зақымданған күйде түскен. 10 күн ем қабылдаған науқас бүгінде ауруынан айығып, ем алған соңғы пациент ретінде ауруханадан шықты. Медицина қызметкерлеріне алғысын жеткізген ол «коронавирус жойылса екен» дейді.

  • -Ауруханаға келгеннен бері емімді толық алып, дәрігерлер мен медбикелер тиісті көмектерін көрсетті. Аурухана басшылығынан бастап бәріне айтар алғысым шексіз. Бастысы, қауіпті індет жойылып, қалыпты өмірге оралсақ екен деген тілегім бар, — деді Сәуле Жолдыбаева.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2020 жылдың 27 наурызында алғашқы науқасты қабылдаған медицина қызметкерлерінің батылдығын ерекше атап өтіп, қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады. Аурухана әкімшілігі демеушілерден көрсетілген материалдық көмектен бөлек облыстағы өзге аурухана, перзентханалар мен орталықтардан да қиын сәтте көмек көрсетілгеніе орталықтарға алғысын жеткізді.

  • — Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирус инфекциясына қарсы ем қабылдап жатқан науқас жоқ. 2 жылда көптеген толқындар болды, әртүрлі мутацияға ұшыраған штаммдармен кездестік. Осы індетпен күресу бүгінде өз нәтижесін беріп, қазір соңғы науқасымыз ауруханадан шығарылуда, — деді Қайсар Абдалиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалары шеңберінде бой көтерген модульді жұқпалы аурулар ауруханасы санитарлық-гигиеналық тазартуға жабылып, толықтай дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Ал, медицина қызметкерлеріне келетін болсақ, штаттық қысқарту болмайды. Бұл ғимарат №2 Атырау облыстық ауруханасының бөлімшесі болғандықтан, мамандар жұмыстарын жалғастырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button