
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда коронавирус жұқтырған бесінші адам анықталды
Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Атыраудағы коронавирус анықталған бесінші науқас жергілікті тұрғынмен байланыста болған.
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вирус жұқтырған бесінші адам — 38 жастағы жергілікті тұрғын. Белгілі болғандай, ол «Алматы-Атырау» рейсінде короновирус жұқтырған жолаушымен байланысқа түскен.
Қазіргі уақытта науқас оқшауланып, ауруханаға жатқызылды.
Еске сала кетелік, қазіргі уақытта 228 қазақстандық аталмыш дерттен емделіп жатыр.