ЖаңалықтарМедицина
Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 200 адамға жетті
Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында мәлім болды.
Атырау қалалық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Камзинның айтуынша, салыстырмалы түрде сәуір, мамыр айларында аптасына 260-270 науқас тіркелетін болса, қазіргі тәуліктік көрсеткіш 150-200 адамға жетіп отыр.
- Соңғы тәулікте қала бойынша 280 жағдай тіркеліп отыр. Осы аурушаңдық деңгейінің өсуіне байланысты қарантиндік шараларды күшейтуіміз қажет, деді – Атырау қалалық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Камзин