
Жаңалықтар
Атырауда көпқабатты үй отқа оранып, 35 адам эвакуацияланды
Atr.kz/5 қаңтар, 2020 жыл. Кеше Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде орналасқан №25 үйдің бесінші қабатынан өрт шықты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде хабарланғандай, үйдің есігін ешкім ашпағандықтан, терезе арқылы кіруге тура келген.
Өрт сөндірушілер жатын бөлмеде төсеніштің жанып жатқанын және көрші бөлмеде ес-түссіз жатқан ер адам барын анықтаған. Ол дереу дәрігерлерге жеткізілді. Жалын аумағы 5 шаршы метрді құрады.
Айта кетейік, бес қабатты үйден 35 адам эвакуацияланды, оның сегізі – балалар. Оқиға орнында 10 өрт сөндіруші мен 3 бірлік техника болды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Сурет облыстық төтенше жағдайлар департаментінен алынды.