ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ
Атырауда көпқабатты үй отқа оранып, 18 адам құтқарылды (+ФОТО)
Atr.kz/3 мамыр, 2020 жыл. Атырау қаласында «СМП-163» мөлтекауданындағы №5 тұрғын үй өртеніп, 18 адам сыртқа шығарылды.
Бүгін, яғни, 3 мамыр күні сағат 17.05-те бесқабатты үйдің үшінші қабатында балконнан өрт шығып жатқаны жөнінде шақырту келіп түсті. «Тілсіз жау» 4 шаршы метр аумақты шарпыды. Адамдар аман-сау, тек үй ішіндегі заттар өртенген.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен 1 8адам тысқа шығарылды. Аталған департаменттің ішкі және сыртқа коммуникациялар тобының хабарлауынша, құтқарылғандардың бесеуі – балалар.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ