Жаңалықтар
Атырауда көлік қағып кеткен тұрғын ауруханада көз жұмды
Қайғылы оқиға 10 сәуір күні Атырау қаласындағы Нұрсая ықшам ауданында болған.
Mercedes Benz көлік құралының 1979 жылғы жүргізушісі белгінбеген жерден жолдан өтпекші болған 1991 жылғы жаяу жүргіншіні қағып құлатып, оқиға орнынан бой тасалаған.
«Жаяу жүргінші жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп,12 сәуір күні жан сақтау бөлімшесінде қайтыс болған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, Департаменттің Анықтау басқармасына жеткізген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.