Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда көлік аударылып, төрт адам көз жұмды

Atr.kz / 16 шілде, 2020 жыл. «Атырау-Орал» тас жолында «Toyota Camry» көлігі аударылып, оқиға орнында екі адам мерт болды, ауруханаға жеткізілген екі жолаушы да ажалдан аман алып қала алмады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік апаты бүгін, 16 шілдеде сағат 00:30 шамасында «Атырау-Орал» тас жолының Атырау қаласына кіре берісінде болған.

«1999 жылы туған азамат рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам сол жерде қаза тапты. Көлік жүргізушісі мен бір жолаушы облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінде көз жұмды. Қазіргі кезде тағы бір жолаушы әр түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», -деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аталған оқиға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button