
Жаңалықтар
Атырауда көлік апатынан екі адам қаза тапты
Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақат алды.
Атырау облыстық ПД хабарлауынша, 5 мамыр күні сағат 20:10 шамасында республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 64 шақырым тұсында жол апаты болғаны жөнінде хабар түсті.
Toyota автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жол жиегіне аударылған.
Оқиға салдарынан 4 адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, көлік жүргізушісі мен 1962 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.