
ЖаңалықтарҚұқық
Атырауда көлігіне екі түрлі нөмір таққан жүргізуші ұсталды
Атырауда көлігінің алды мен артына екі түрлі нөмір таққан жүргізуші ұсталды.
«Атырау қаласында патрульдік полицейлер «ВАЗ-2114» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде Ресей Федерациясында тіркелген жеңіл көліктің алдыңғы жағына тағылған мемлекеттік белгінің әріптік символдары өзгертілгені анықталды. Көлік құралы арнаулы айып тұрағына қойылды», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір 38 жастағы жүргізушінің әрекетінен қылмыс белгілерін анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр.
«ҚазАқпарат»