Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда көгалдандыру жобасы жүзеге асты

Қазақстан Халық партиясының мүшелері Атырау қаласында М.Дулатов көшесіндегі шағын саябақты көгалдандырып, жаңарту жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шара Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, қаланың көркін арттыру мен тұрғындарға жайлы демалыс орындарын ұсыну мақсатында жүзеге асты.

d75288e1 7605 409d 9a41 3bf7af1b517f

-Бүгін партия мүшелері белсенді түрде қатысып, кәсіпкерлер тарапынан көшеттер мен қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етілді. Біз бірге ағаш отырғызу жұмыстарын атқарып, жалпы саны 20 шаған ағашы мен 10 тал көшетін отырғыздық, — деді «Қазақстан Халық партиясы” Атырау облыстық филиалының төрайымы Балжан Досмұхамбетова.
Ағаштарды суару жұмыстарын «Атырау облысы Су Арнасы» кәсіпорнының қызметкерлері жүргізіп, олардың өсіп-өнуіне қажетті ылғалмен қамтамасыз етті. Ұйымдастырушылар ағаштардың әрі қарай жақсы өсуі үшін қажетті суару жұмыстары қалалық әкімдікпен бірлесіп шешіледі деп атап өтті.
Бұл бастама қаланың көрікті жерлерін жаңартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button