Атырауда «Киік-2022» табиғатты қорғау бойынша ауқымды акция басталды

screenshot 17 Жаңалықтар

Бұл акция жойылып кету алдында тұрған жабайы аңдарды қорғау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Іс-шара Полиция департаментінің, «Охотзоопром» ӨБ РМҚК-ның қызметкерлерінің қатысуымен күшейтілген режимде өтуде.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған акцияға 224 инспектор, 85 бірлік жүргіштігі жоғары автомашина, 37 бірлік «Кунг» арнайы техникасы, 2 бірлік «Берлога» вагоны және арнайы дала лагері бөлініп отыр.   

– Біздің облысымызда киіктер көп болмағанымен, күн суытып бастаған сәтте Батыс Қазақстан облысынан киіктер келеді. Осыған байланысты бір ай ішінде ақбөкендерді және барлық жабайы табиғатты қорғау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілетін болады. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар еліміздің барлық облысының аумағында ұйымдастырылып отыр. Акцияға дейін де облыста осы жылы инспекциямен бірлескен 34 рейд жүргізілді. Рейд барысында 2 браконьерлік факті анықталып, оларға ҚР ҚК 339-1 бойынша қылмыстық іс қозғалды, деді Н.Иманғалиев.

Айта кетейік, аталған акция желтоқсан айының 30-на дейін жалғасады.

Еске салайық, киіктерді заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін осы заң бұзушылыққа барған адамның мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз