Атырауда кезекті «ашық есік күні» өтті
Atr.kz/29 қараша, 2019 жыл. Жыл басынан бері аталған шара аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасына сәйкес, 9 рет өткізілген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ал, кезекті рет «Жұмыскер мәдениет үйінде» ұйымдастырылған 10-шы қоғамдық қабылдауға 40-қа жуық тұрғын қатысты. Олардың сауалдарына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері жауап беріп,мәселелердің шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, ашық есік күніне азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің, арнайы мониторингтік топ мүшелері де қатысты.
Қоғамдық қабылдауда тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік көмек, жер мәселесі, тас жолын төсеу және қоғамдық тасымалдау мәселелеріне қатысты болды.
Айта кетейік, алдағы уақытта да мұндай шаралар тұрақты түрде әр айдың соңғы жұмасы күндері өткізілетін болады.