Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда келесі жылы 2000-ға жуық көше жарықтандырылады

Атырау қаласындағы көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 2024 жылы 81,3%-ға жетеді деп жоспарлануда.

Бұл туралы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков «Атырау қаласындағы көше жарығы желілерінің құрылысын салу, жаңғырту және пайдалану (ұзындығы – 319068 метр)» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы баяндамасында мәлім етті.

— Жобаны іске асыру нәтижесінде Атырау қаласы және қала маңы елді мекендеріндегі жарықтандырылмаған 421 көшеге 317 шақырым электр желісін жүргізу, 71 дана трансформаторлық станциясын, 192 дана басқару шкафы және 10 280 дана (оның ішінде 1340 дана жаңғырту) энергия үнемдеуші диодты жарық шамдарын қолдану арқылы көшені жарықтандыру желісін кеңейту криминогендік жағдайды төмендетуге, тұрғындардың, көлік құралдары жүргізушілерінің және жалпы кешкі және түнгі уақыттағы жол қозғалысының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Жоба іске асса, Атырау қаласы және қала маңы елді мекендеріндегі барлығы 1846 көшенің 1502-сі 45 154 дана жарықшаммен қамтылады. Жалпы қамту көрсеткіші 81,3% -ға жетеді,-деді А.Кенжебеков.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button