9fb7b048c96d44a0337f049e0a61ff06

Атырауда кәсіпкерлерге арналған қызмет көрсету орталығы ашылмақ

Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/4 ақпан, 2020 жыл. «БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ». Осындай атпен Атырауда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылмақ. Онда «бір терезе» қағидасымен қызметтің алуан түрі көрсетіледі.

Бұл жобаны облыстық кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті әкімдік бірлесе жүзеге асырғалы отыр. Аталған палата директоры Абдолла Идресовтің айтуына қарағанда жаңа нысанның кескіндік сұлбасы да, ғимараты да дайын. Мұнда алты қызмет аумағы болады деп күтілуде.

– Бұл орталық бизнеспен жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар, бағдарлама операторлары мен қаржы институттарының басын біріктіреді. Қазір халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімделіп жүрген қажетті құжаттарды жаңа орталықтан да алуға болады. Осылайша, барлық қызметті бір жерден қолданып, жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік бар, – дейді ол.

Екіншіден, бұл «Атамекен» палатасының мамандары үшін де өте ыңғайлы. Олар бір жерде отырып-ақ мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен қолжетімділігіне қатысты талдау-сараптау жұмыстарын жүргізе алады. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар да осы жерден жолданады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тағы оқыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған