
Жаңалықтар
Атырауда кәсіпкердің өтініші толықтай қанағаттандырылды
Кәсіпкер Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Құрманғазы аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК жалпы сомасы 1 022 450 теңгеге азық-түлік жеткізгені үшін ақшалай қаражат аударудан бас тарту мәселемен жүгінді.
Департамент өз кезегінде ведомстволық бағынысты мекеменің іс-әрекеттерінің заңдылығын анықтау мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұраныс-хат жолдады.
Нәтижесінді, өтініште баяндалған талаптар Антикордың араласуынан кейін толықтай шешілді.
Антикор Атырау кәсіпкерлердің мәселелерді шешуге жәрдемдесуге дайын екендігін мәлімдейді.