Атырауда карантинге алынғандар 26-ға жетті
Atr.kz/21 наурыз, 2020 жыл. Атырауда коронавирусқа қатысты «1 А» санаты бойынша карантинге алынғандар саны 26-ға жетті.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың барлығы аталмыш жұқпаға қатысты қауіпті мемлекеттерден келген қазақстандықтар.
-Үшеуі – Италиядан, 10-ы Германиядан, 12-сі Испаниядан, 1-еуі Франциядан келгендер. Олар облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің привизорлық стационарында оқушауланды. Мұнда 14 күн бойы медициналық бақылауда болады. Ал, «1 Б» санаты бойынша бес адам бақылауға алынды. Олар осынша уақыт үй жағдайында қадағалауда болады. Екінші санат негізінде тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерлерінің күн сайын қоңырау шалуы арқылы тексерісінде 26 адам бар, — дейді департаменттің баспасөз хатшысы Балкенже Қабирова.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА