Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда карантиндік шектеулерді бірнеше рет бұзған мейрамханалар анықталуда

Атыраулық полицейлермен мониторингтік топтардың кәсіпкерлік нысандардағы санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулердің сақталуы бағытындағы жұмысы белсенді жалғасуда, — деп хабарлады Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.

26 желтоқсан күні сағат 22:30 шамасында Студентческий даңғылында орналасқан «Тофу” мейрамханасы сағат 22:00-ден кейін жұмыс жасап тұрғандығы анықталды. Аталған мейрамхана ішінде шамамен 60-қа жуық адам болған. Айта кететіні, бұл мейрамхана бұған дейін де карантин режимін екі рет бұзған.

Ал, 26 желтоқсан күні сағат 23:40 шамасында, Жансүгіров көшесінде орналасқан «Ak’s rezervе” мейрамханасы сағат 22:00-ден кейін жұмыс жасап тұрғандығы анықталды. Аталған мейрамхана ішінде шамамен 20-ға жуық адам болған. Бұл мейрамхана да бұған дейін екі рет карантин режимін бұзған.

Одан басқа, 26 желтоқсан күні сағат 23:44 шамасында, Еркінқала шағын ауданында орналасқан «Жансезім” азық-түлік дүкені сағат 23:00-ден кейін жұмысын жалғастырып тұрғандығы анықталса, 27 желтоқсан күні сағат 00:16 шамасында Жұмыскер поселкесінде орналасқан «Гүлсезім» азық-түлік дүкені карантин талаптарын бұзып, сағат 23:00-ден кейін жұмыс істеген.

Сонымен қатар, 25 желтоқсан күні сағат 23:10 шамасында, Амандосов көшесінде орналасқан «Лото” ойын клубы, ағымдағы жылдың 19 желтоқсанындағы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №71 қаулысының 5.1 тармақшасына сәйкес, ойын клубтарының жұмысына мүлдем тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істегендігі анықталды.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button