Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда карантин талаптары жеңілдетіледі

Атырау облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына орай бірқатар кәсіптік нысандардың жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бүгінде облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік тіркелу саны — 15-20 адамды құрап отыр. Сәйкесінше, 17 тамыздан бастап өңірде карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілмек. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаеваның айтуынша, карантин талаптары жеңілдетілгенмен, тұрғындар санитарлық нормаларды сақтауы тиіс.

  • Өңірдегі эпидахуал тұрақтанғанымен, қауіп әлі сейілген жоқ. Сол себепті, облыс тұрғындары карантин шараларының жеңілдетілгеніне қарамастан, санитарлық талаптарды орындауға тиіс. Азаматтар үнемі маска тағуға, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауға міндетті. Сонымен қатар, қызметіне рұқсат берілетін кәсіптік нысандарда жаппай дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуі керек, — деді Жанар Досымбаева.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап өңірде сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен ашық базарлар сондай-ақ, сұлулық салондары, шаштараздар мен СПА орталықтар өз жұмыстарын жалғастырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button