Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ

Атырауда көгершіндер көрме-жәрмеңкесі өтті (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

Atr.kz/23 наурыз, 2019 жыл. «Көгершін – бейбітшілік символы».

IMG 20190323 WA0043

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.
IMG 20190323 WA0042

Әдетте, осынау құсты көргенде бірінші ойға оралатыны осы. Алайда, оның сан алуан түрі болады екен. Тіпті, бүгінгі таңда бұларды арнайы асырайтын 1000-нан астам атыраулық құсшы бар.

IMG 20190323 WA0045

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған спорттық, көркемдік және ойын көгершіндерінің көрме-жәрмеңкесінен бұл салаға қатысты біраз тың мәліметке қанық болдық.

IMG 20190323 WA0044
IMG 20190323 WA0041

«Атырау облысында бірінші рет ұйымдастырылып отырған бұл шараға республика көлеміндегі құсшылар ғана емес, көршілес Ресей және Өзбекстаннан қатысушылар келіп отыр. Жалпы саны 50-ден астам құсшылар сайыс талаптарына сай көгершіндерін түрлі қырларынан танытуда. Мақсатымыз – құсшылар федерациясын ұйымдастыру, бүгінгі басқосу  соның алғышарттарының бірі» дейді ұйымдастыру комитетінің мүшесі Айбат Рахман.

IMG 20190323 WA0039
IMG 20190323 WA0037
IMG 20190323 WA0034

Ал, аталмыш сайыстың тағы бір ұйымдастырушысы – Төрехан Жұмағазиев өзі де бүгінгі байқауға  баптап отырған құстарын ала келіпті. «Гурьев кезінен бастап, бұл өңірде көгершін баптаушылар өте көп. Бүгінгі таңда олардың жиналатын арнайы жерінің жоқтығы, тағы да басқа салаға қатысты өзекті мәселелерін айту үшін бұгінгі ұйымдастырылған шараның маңызы зор болды. Арнайы шақырылған сала ардагерлері де бір-бірін көріп, мәре-сәре болуда» дейді ол.

IMG 20190323 WA0040
IMG 20190323 WA0031
IMG 20190323 WA0028

Спорт кешенінің ішінде қалықтай ұшқан көгершіндер түрлі аталымдар бойынша сынға түсті. Тұқымына сай іріктелген оларды арнайы әділқазылар алқасы сарапқа салып, соңында 8 аталым бойынша марапаттады.

IMG 20190323 WA0036
IMG 20190323 WA0033
IMG 20190323 WA0035

Шараға қатынасқан Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бейбітшілік символына баланатын құстар жәрмеңкесінің Ұлыстың Ұлы күнінің аясында өткізіліп отырғанының да зор мәнге ие екенін жеткізді. «Бейбітшілік – қашан да қазақ халқы үшін маңызды ұғым. Сондықтан, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болғай» деді ол.

IMG 20190323 WA0016
IMG 20190323 WA0029
IMG 20190323 WA0032

Шара соңында қатынасушы ардагерлерге алғыс хат пен символикалық сыйлықтар табыс етілді. Ең жас құс баптаушы балалар да назардан тыс қалмады.

IMG 20190323 WA0020
IMG 20190323 WA0015
IMG 20190323 WA0014

Игорь ЯЦЕНКО, Ресей Федерациясы, Краснодар:

Қазр жасым 60-та. Бүгінгі шараға қазақстандық әріптестерімнің шақыртуымен келіп, төрелік жасадым. Есімді білгелі көгершіндерді баптаумен айналысып келемін. 3 жастан бастап, осы саладамын деуге болады. Бүгінгі қатысушылардың дайындығын көріп, шараны жоғары деңгейде өтті деуге болады.

IMG 20190323 WA0013
IMG 20190323 WA0012 1
IMG 20190323 WA0019
IMG 20190323 WA0017
IMG 20190323 WA0021
IMG 20190323 WA0023
IMG 20190323 WA0026
IMG 20190323 WA0024
IMG 20190323 WA0025
IMG 20190323 WA0030
IMG 20190323 WA0038

Нұрбек Қуатов, Ақтөбе қаласы:

  • Үйде 60 көгершінім бар. Бүгін соның ішінен төртеуін таңдап алып келдім. Ойымдағыдай өнер көрсетті, жүлдеге де ие болдық. Олар бұған дейін де топ жарып жүр. Мәселен, таяуда ғана Ақтөбеде өткен сайыстан ІІ орын алды.

Гүлжан ӘМІРОВА.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

IMG 20190323 WA0027

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button